Облыс қазынасының 60,8 пайызы әлеуметтік салаларға бағытталады

380

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл облыстық бюджет кірісінің көлемі – 40,9 млрд.теңгені құрап, 107,9 пайызға нақты орындалды. Тиісінше, түсімдер қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 139,9 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков хабарлады.

– Облыс бюджетінің 60,8 пайызы әлеуметтік салаларға бағытталады. Оның ішінде білім саласы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларына ерекше басымдық беріледі. Осы жылдың 1 қарашасына дейін өңір бойынша түсім 102,1 пайызға толық орындалып, соның ішіндегі өз кірісіміз 113,4 пайызға артық түскен. Жалпы алғанда қаражаттардың игерілуі бойынша Қызылорда облысы республика бойынша 4 орында тұр, – деді басқарма басшысы Қамбарбек Амангелдіұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<