Мәдениет – ұлттың мәйегі

4

0

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Өнер орталығында» салтанатты шара өтті. Бұл – ұлт руханиятын дамыту жолында еңбек етіп жүрген мамандарға көрсетілген құрметтің белгісі. Шараға сала ардагерлері, өнер майталмандары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев мәдениет пен руханияттың қоғам өміріндегі ай­рықша маңызын атап өтіп, сала қыз­меткерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Аймақта мәдениет саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар ат­қарылуда. Кейінгі төрт жылда са­лаға 55 млрд теңгеге жуық қаржы ба­ғытталса, биыл 6 млрд теңгеден ас­там қаржы бөлінді. Облыста Мем­лекет басшы­сының, Үкіметтің қол­дауымен 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның ішінде 22 мәдениет нысаны салынып, ел игі­лігіне берілсе, 7 ауданда «Руханият орталықтары» ашылды. Қалада «Өнер орта­лығы», «Анаға тағзым», «От­басы орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Тарихи-өлкетану му­зейінің, «Достық үйінің» жаңа ғи­мараты пайдалануға берілді. Бала­лардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақ­сатында «Оқу­шылар сарайы», «Сыр жұл­дыз­дары» акаде­миясы ашылды. Мемлекет басшы­сының Ұлт­тық құрыл­тайда берген тапсырмасына сәйкес жаңа драма театр мен Президенттік кітап­хананың құрылысы бастау алды.

Мемлекет басшысы Қасым­-Жомарт Кемелұлы: «Мә­дениет – ұлт­­­тың төлқұжаты. Жаһан жұрты елі­мізді, ең алды­мен, өнеріміз ар­қылы танып біледі»  деген болатын.  Мәдениет – елдің рухани тірегі, ұлт­тың ұлы мұрасы. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлеріне Сыр жұрт­шылығы атынан шынайы ризашы­лығымды білдіремін.

Өнер мен руханияттың өрісі кеңейіп, мәдениетіміз­дің мәртебесі әр­дайым биік болсын! Еліміздің рухани дамуына қосып жүрген еңбек­теріңіз жемісті болып, шығар­машылық табыс­тарыңыз арта берсін, – деді аймақ басшысы.

Шара театр әртістерінің  қойы­лымымен басталды. Мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің  кәсіби мерекелерінде де жұмыста, яғни сахнада. Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемел­деуімен «Томирис» би ансамблі «Шаңырақ шаттығы» биін орын­дады. Ал Ақсұңқар Бүркітбай, Нұртілек Ақтаев, Бек­сұлтан Орын­басаров орындаған «Сыр елі», «Нартайдың жыр бастауы» және «Мере­келік арнау», жас күйшілердің «Балбырауын», «Сарыарқа», «Көр­ұғ­лы» күйлері көпшіліктің ыс­тық ықы­ласына бө­ленді. Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда универ­сите­тінің қыздар вокалды ансамблі «Сырдың қара­тор­ғайын» нақышына келтіре шыр­қады. Ал «Сыр санду­ғаш­тары» тобы мен Қ.Ақ­дәулетова атындағы сту­дия балалары К.Әзір­баевтың «Көк­шолақ» әнін  орын­да­ды. Одан әрі қобыз­шылар, үрмелі аспаптар ансамблі де өз өнерлерін ортаға салды. Әншілер тобының классикалық әндер шеруі көпші­ліктің қошеметіне ие болды.

Мерекелік шара аясында мәде­ниет саласындағы үздік жетістіктері және салаға сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар азамат «Құрмет» орденімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Мәдениет сала­сы­ның үздігі» төсбелгісімен, Құрмет гра­мо­­та­сымен және Алғыс хатпен мара­патталды.

Мереке иелеріне ҚР Премьер-ми­нистрінің бірінші орынбасары Нұрлы­бек Нәлібаевтың Алғыс хаты табыс­ етілді.

Мәдениет – ұлттың мәйегі

Сыр елінің рухани-мәдени да­муы­на қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа облыстың  Құрмет  гра­мо­тасы және облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ бірқатар әде­биет пен өнер өкілдеріне дәстүрлі түрде жыл сайын табысталатын облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы берілді.

Мәдениетке аса мән берудің нәти­жесінде қазақ өнері әлемді шарлап, төл туындыларымыздың ға­жайып бол­мы­сын паш етіп келеді. Бұған дейін Сыр өнерпаздары Финляндия, Эстония, Испания, Швейцария елде­рінде мәдени шаралар ұйымдас­тырды.

Бүгінде Еуропаның Париж және Люксембург қалаларында Сыр та­лант­тары өнер көр­сетуде.

Сондай-ақ биыл ком­позитор Кеңес Дүйсекеев­тің, ақын Шөміш­бай Сариевтің 80 жылдығына, Қазақ­станның ең­бек сіңірген әртісі Қара­көз Ақ­дәулетованың 70 жылдығына ар­налған еске алу шаралары өт­кізілді.

Әйгілі жырау, ұстаз-ғалым Ал­мас Ал­матовтың 70 жас мерей­то­йына ар­налған «Жыр керуен» шы­ғар­ма­шылық кеші ұйымдас­ты­рыл­ды. Даңқ­­ты қол­басшы Жалаңтөс баһа­дүр­дің 450 жылдығына арналған респуб­ли­калық ақындар айтысы жо­ға­ры деңгейде өтті.

Оған қоса жақында Ыстамбұл қа­ласында ТҮРКСОЙ ұйымының қол­дауымен «Оғыз феномені: Ұлы дала­дан Анадолыға дейін» халық­аралық конфе­ренциясы мен көрме ұйымдастырылған болатын.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»