ҚОС АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

517

0

Шара барысында мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы мен Ұлттық хирургия орталығының директоры Болатбек Бимендіұлына «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы табысталды.

Жандарбек Мәлібекұлы – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында өзіндік үлесін қосып, Мемлекеттік нышанның бірі Елтаңбаның авторы ретінде танылған бірегей сәулетші. Еуразия ұлттық университетінің профессоры, еліне қалтқысыз қызметі үшін «Құрмет» және «І дәрежелі Барыс» орденінің иегері атанды. Жандарбек Мәлібекұлы биыл 80 жаста.

Баймаханов Болатбек Бимендіұлы – «Денсаулық ісінің үздігі», «Алтын дәрігер» төсбелгілерінің иегері, «Құрмет» орденімен наградталған білікті дәрігер, ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, жоғары санатты хирург, қоғам қайраткері, 200-ге жуық ғылыми-тәжірибелік мақаланың авторы. А.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығының директоры.

Айта кетейік, Елтаңба авторы облыс әкіміне ЕЛТАҢБА бейнесіндегі арнайы сый жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<