25 қаңтар қандай күн?

2004

0

Байқаған адамға жылдың әрбір күні бір мереке немесе атаулы күн ретінде тіркелген. Олардың басым бөлігі Батыс елдерінен бастау алғаны белгілі. Осы ретте 25 қаңтардың да бос қалмағанын көреміз. Бірақ, қазіргі күндері пандемияға байланысты оған соншалықты мән беріле қоймауы да мүмкін.

Бүгін – әлемнің барлық студенті бас қосатын күн. Себебі, олардың барлығы бірігіп Татьяна күнін атап өтеді. Осы күні XVIII ғасырда студенттердің қамқоршысы болған азап шегуші әйел Татьяна Римская дүниеге келді. Соған орай, бүгін Татьяна есімді әйелдердің барлығын осы мерекемен құттықтау қажет.

Мұнымен қатар, бүгін орта және жоғары білім ордаларында оқып жатқан студенттердің кәсіби мерекесі. Бұл күн күзгі семестр мен сессиялардың аяқталып, қысқы демалыстардың басталатын уақытына орайластырылған. Әдетте бұл мерекеде студенттерге шәкіртақылар тағайындалып, мақтау қағаздары беріледі. Студенттедің көпшілігі кейін қандай қызметке орналасқанына қарамастан, бұл күнді ерекше жылылықпен еске алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<