Пәкістанда автобус жарға құлап, 20 адам қаза тапты

350

0

Фото: Asharq Al-Awsat

3 мамыр күні таңертең Пәкістанның қиыр солтүстігінде автобус жарға құлап, 20 жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Asharq Al-Awsat басылымы хабарлады.

Тағы 21 адамның құтқарылып, ауруханаға жатқызылғаны атап өтілді. Автобус Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясының таулы аймағында келе жатқан.

«Үкімет зардап шеккендердің барлығын эвакуациялау үшін дереу құтқару операциясын бастады. Қазіргі уақытта олар ауруханаға жатқызылды», — деді жергілікті билік өкілі Файзулло Фирак.

Басылымның хабарлауынша, мұндай адам өліміне әкелетін оқиғалар Пәкістанның қолданыстағы жол ережелеріне дұрыс сақтамайтын және жолдардың жағдайы нашар ауылдық жерлерінде жиі орын алады.

Сонымен қатар, бұл елде әлемдегі ең биік тау жоталары бар. Онда қоғамдық көліктер де тік жартастардың бойындағы тар жолдармен жүреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<