ШЫҰ саммитінің баспасөз орталығы 6 маусымда ашылады – Циндао

257

0

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ)  баспасөз орталығы Циндаода 6 маусымда ресми түрде ашылады. Бұл туралы баспасөз орталығы директорының орынбасары Хоу Сяодун мәлім етті, – деп хабарлайды Синьхуа.

Баспасөз орталығының алаңы 35 мың шаршы метрді алып жатыр. Ол тіркелген 3 мың БАҚ өкілдеріне сапалы қызмет ұсынады.

Баспасөз орталығы 6 маусымнан 11 маусымға дейін жұмыс істейді. Жұмыс кестесі төмендегідей болмақ:  6-7 маусымда-  08:00 – 20:00, 8 маусымда- 08:00 – 22:00,  9- 10 маусымда – 05:00 – 24:00, 11 маусымда – 08:00 – 18:00.

Айта кетер болсақ, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының 18 отырысы 9-10 маусымда Қытайдың  шығысында Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<