Жалағашта төтенше жағдайларға қарсы дайындық барысы таразыланды

768

0

Жалағаш ауданында «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында оқу-жаттығу өтті.


Оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 136 адам мен 36 бірлік техникасы бар азаматтық қорғау қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтерінің күш-құралдарының дайындығы пысықталып, саптық қарау өткізілді.


Оқу-жаттығу жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Е. Бәкіров, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор А.Тоғызбаев, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ж.Досымовтың қатысуымен өткізілді.


Оқу-жаттығу барысында арнайы техникалардың дайындығы мен инертті материалдардың нақты көлемі түгенделіп, олардың қауіпті учаскелерге шоғырландырылуы Жалағаш аудан әкімі аппараты, кент және ауылдық округі әкімдері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтерiнің күш пен құралдары және ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындарының бiр бөлiгiнің жұмылдырылуы тексерілді.


Айта кетейік, ауданда су тасқынының алдын алу және жою бағытында арнайы іс-шара жоспары бекітілген. Төтенше жағдайдың алдын алуға қор жасақталған. Сондай-ақ, су басу қаупі бар 5 елді мекенді күнделікті бақылауға кезекшілік ұйымдастыру кестесі жыл басында аудан әкімімен бекітілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<