Бас партия құрылысқа зерделеу жасады

622

0

«Nur Otan» партиясы  облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бүгін Қызылорда қаласы, Махамбет ауылындағы № 268 орта мектебі жанынан салынып жатқан 200 орындық қосымша құрылыс жұмыстарына мониторинг жасады.

№ 268 орта мектепте бұған дейін балалар 3 ауысымда оқып келген. Осы кемшілікті жою мақсатында жергілікті бюджеттен 381 205,3 мың.теңге қаржы бөлініп, мектеп жанынан 3 қабатты 200 орындық қосымша салынуда. Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстарының бүгінгі күні 80 пайызынан астамы аяқталған. Келісім бойынша «қыркүйек айының соңында тапсырамыз» дейді мердігерлер.

Монитоинг барысында аса бір кемшіліктер анықталған жоқ. Алайда комиссия мүшелері мердігерлерге қаржыны тиімді, мақсатты жұмсап, құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<