Белсенділіктің үлгісін көрсетті

340

0

Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО Ағарту ісінің үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Марк Захарович Подольский дауыс беруге ерте келгендер қатарынан көрінді.

Білім саласының ардагері сайлаудың маңызын айта келе, саяси маңызды шараға сәттілік тіледі.

– Бүгін алдағы 7 жылымызды айқындайтын Президент сайлауы өтуде. Бізді алдымызда оң өзгерістер күтіп тұр. Оны халық болып, қоғам болып бірге жасауымыз қажет. Қазақстанның келешегі жарқын болса дейміз. Балаларымыз, немерелеріміз жақсы кезеңде Қазақстанның дамыған, өркендеген кезінде өмір сүрсе деп ойлаймыз. Сондықтан еліміздің дамуы, тұрақтылығы мен болашағы үшін өз таңдауымды жасадым, – деді М.Подольский.

Айта кету керек, білім саласының корифейі Марк Захарович Подольский 60 жыл бойы білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Марк Захарович өскелең ұрпақты еңбекке тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Марк Захарович Подольский жаңашылдықты сүйетін директор болды. Оның басшылығымен «Үлгілі үй», «Екіліксіз үй» секілді жобалар жүзеге асырылды.

Тоқсанның төріне шыққан сала ардагеріне бірінші дауыс беруші ретінде құрметпен сый-сияпат көрсетілді. Осылайша ардагер ұстаз сала мамандарына саяси таңдау жасауда белсенділіктің үлгісін көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<