Негізгі басымдыққа ие салаларда көрсеткіш төмендеген жоқ

1218

0

Бүгін Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен брифинг өтуде.


Аймақ басшысы алдымен өңірдің биыл 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.


– Пандемия қалыпты тіршілікке өзгеріс енгізді. Дегенмен, Президент қабылдаған шешімдердің арқасында негізгі басымдыққа ие салалардағы көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген жоқпыз, – деді облыс әкімі.


Атап айтқанда, өнім өндіру көлемі өңдеу өнеркәсібінде 3,5%-ке, ауыл шаруашылығында 3,1%-ке артты. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4%-ке (45-тен 47,4 мыңға дейін) өсті.


Сонымен қатар, 485 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ке артық.

Елордада өтіп жатқан баспасөз конференциясын төмендегі сілтемелер арқылы көре аласыздар:

https://www.facebook.com/ortcomkz
https://ortcom.kz/ru/live
https://www.youtube.com/user/ortcomkz

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<