ҚХР Төрағасы Қазақстанға келді

1064

0

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағы елорда әуежайына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, Қытай Халық Республикасының төрағасы Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша келді.

Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды.

Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<