Екі жақты меморандум

756

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта NIS ұжымы университеттің оқыту бағдарламаларын әзірлеуге көмек көрсетіп, заманауи педагогтарды даярлау үшін ықпалдасатын болады.

Университеттің білім беру бағ­дар­ламасы жұмыс берушінің талаптары мен ұсыныстары еске­рі­ліп құрас­ты­ры­латын болады. Алдағы уақытта пән оқыту әдіс­те­месі бойынша мектептің прак­тик мамандарын университетке ша­­қырту арқылы педагогтарды даяр­лауда бірлескен шараларды өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Назарбаев Зият­керлік мектебі бұған дейін де Қорқыт ата атындағы университет­пен тығыз қа­рым-қатынаста жұ­­мыс жасап келді. Мектеп жа­­ны­­нан «Химия, биология, география» және «Физика мен математика» кафедраларының филиалдары ашылып, профессорлар балалардың ғы­лыми-зерттеушілік қабілетін арттыруға үлес қосқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<