Ел бірлігі зияткерлер көзімен

1104

0

Қазақстан халықының бірлігі күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қашықтықтан мектепішілік сурет байқауы өтті.


Шығармашылық байқауға 7-8-сынып оқушылары қатысты. Жас зияткерлер түрлі сурет салу техникаларын пайдалана отырып, өз жұмыстарында ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекетіміздің басты байлығы – ұлыстар достығын бейнеледі.


Байқау нәтижесі бойынша І орынды Алтынай Әубәкір иеленсе, ІІ орынды Арайлым Ханым қанжығалады. Ал ІІІ орын Нұрсултан Елман мен 7-сынып оқушысы Шыңғысхан Нұрланға бұйырды.


– Оқушылар жұмыстарында туған еліне деген қарым-қатынасын және мереке туралы түсініктерін білдірді. Балалар достықтың киелі мекеніне айналған Қазақстанның кең байтақ жерін және ұлттар бірлігін баяудың қанық түстері арқылы бейнеледі, – дейді педагог Нариман Сариев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<