ҚазҰУ профессорының қонақ дәрісі

1247

0

Қызылорда «Болашақ» университетінде онлайн формат негізінде ZOOM платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы С.Мұсатаевтың қонақ дәрісі өтті. Аталған іс-шараға университеттің білім беру және педагогика жоғары мектебінің І курс студенттері қатысты.

Қонақ дәрісі «Саясаттану» пәні аясында өткізілді. Дәрістің тақырыбы «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік» болды. Дәрісте биліктің мәні мен тұжырымдамалары, негіздері, ресурстары мен билік элементтері талқыланды. Ғалым биліктің объектісі мен субъектісіне ерекше тоқталды. Студенттер дәрістің жеке мәселелерін талқылауға белсенді түрде қатысты. Сондай-ақ студенттерге саяси биліктің ерекшеліктерімен танысу қызықты болды. Дәріс соңында студенттер лекторға өз алғыстарын білдірді.

Аталған іс-шараны «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов ұйымдастырды.

«Болашақ» ғылыми-зерттеу институты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<