«Сыр түлегі» тобы жүлделі орын еншіледі

1258

0

22-23 сәуір күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «6В032 – Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша XIII республикалық пәндік олимпиада өтті. Білім бәйгесіне 13 жоғары оқу орнының үздіктері қатысып, өзара бақ сынасты. Осы тартысты додада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Сыр түлегі” тобы жүлделі II орынды еншіледі.

Топты журналистика білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курс студенті Шернияз Жалғасбекұлы, 2 курс студенттері Абимолда Азамат пен Төребекова Жәния құрады. Ал жоғары нәтиже көрсеткен «Сыр түлегі» тобына университеттің Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Гауһарай Есімова жетекшілік етті.

Таланттылар мен талаптылар сынға түскен тартысқа Атырау облысындағы майталман журналистер баға береді. Олардың қатарында «Егемен Қазақстан» газетінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі Жолдасбек Көшербайұлы, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі  Жандос Темірғали сынды белгілі, кәсіби журналистер бар. Әділ-қазылар алқасының төрағасы «Сарайшық» журналының бас редакторы Исатай Балмағанбетов болды.

   Атырау атырабындағы аламан кезеңді 4 кезеңді қамтыды. Алғашқы сайыста студенттер өздерін таныстырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы негізгі ойды басты назарға алып, бейнеролик әзірлеуі тиіс. Алғашқы турдың қорытындысы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қожа Ахмет Ясауи атында Халықаралық қазақ-түрік университетінің топтары үздік деп танылды. Екінші турда студенттер өздерінің жазу шеберліктерін көрсетіп, эссе жазса, келесі кезеңде білім деңгейлерін анықтап, тест тапсырды. Ал қорытынды сайыста әр команда өздері шығарып, дайындаған газеттің PDF нұсқасын ұсынды. Соңғы кезеңде де «Сыр түлегі» тобы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орыннан бөлек, «Үздік басылым» номинациясына қол жеткізді.

Айта кетерлігі, жүлделі орыннан көрінген «Сыр түлегі» тобы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті тарапынан арнайы сертификаттар мен алғыс хаттарға және қаржылай сыйақыға ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<