Мемлекеттік бағдарламаны ұтымды пайдаланды

548

0

Қазіргі кезде кәсіп бастаймын деген азаматтарға қолдау көп. Іс бастауға ілкімді жоба ұсынған жанға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз жұмысын жандандырып, табыс көзін тапқан кәсіпкерлер де жетерлік. Тіпті бірқатары сол мақсатқа жетіп, кәсіптерін кеңінен жолға қойған.Мемлекеттің қолдауына ие болған кәсіпкерлердің бірі – Шатан Орынбасар Бақытбекұлы.

Жеке кәсіпкер ретінде 2017 жылы тіркеліп, тігін цехын ашқан. Қазіргі кезде заманауи жабдықталған екі цехы бар. Біреуі Қызылорда қаласында, екіншісі Алматы қаласында орналасқан.Негізінен халат, сүлгі, кеудеше, футболка, қалпақ және басқа да тоқыма бұйымдарға кәсіби түрде кестелеп жазу, оның ішінде корпоративтік таңбалар, мектеп эмблемалары, шеврон, автомобиль логотиптерін де кестелеумен айналысады.Сонымен қатар, матрац сияқты басқа да бұйымдар шығарады.

Тауарды бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіп беруді де жолға қойылған. Тауарға тапсырысты әлеуметтік желі (Instagram, WhatsApp және т.б.) арқылы қабылдайды. Бүгінгі таңда кәсіпкер бірнеше адамды жұмыспен қамтып, жұмыссыздар санының азаюына үлес қосып келеді.

Кәсіпкер өндірістік мақсаттағы «Melco emt 16x» бір басты, 12 инелі кестелеу машинасының екі жиынтығын сатып алу қажеттігі туындаған кезде «ForteBank» АҚ-на несие алу үшін жүгініп, қор қызметкерлерінің кеңесі мен көмегін алғаннан кейін, сол жылы қаржыға қол жеткізген. Жобаны «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Даму» қоры қолдап, несиені жылына 6%-ға дейін төмендетті.Орынбасар Бақытбекұлы: «Дайын өнімге таңба басып шығарумен айналысатын өндірістер алдында промо, бренд өнімдерді өзі кестелеу немесе сыртқа тапсырыс беру деген таңдау тұр.

Әуелі бастан-ақ кесте тігу машиналары тігін өндірісінде ғана болатын. Заманауи жабдықтар дайын өнімдердің барлық түрін басып шығаруға да, кестелеуге де мүмкіндік береді», ̶ дейді.Жұмысын дөңгелетіп отырған кәсіпкер мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көрсетілген көмекті ұтымды пайдалануда. Алдағы уақытта кәсібін одан әрі кеңейтіп, жұмысшылар қатарын көбейтуді жоспарлап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<