Екпенің арқасында түбегейлі жойылып кеткен аурулар бар

1318

0

Вакцинаның ең басты мақсаты – ағзаны вируспен таныстырып, онымен күресуге үйрету. Осылайша «иммундық жүйе» вирусты тауып, оның алдын алу үшін жедел антиденелер түзеді. Яғни, вакцина – адамның қорғаныш құралы. Негізінен, медицина ғылымы бірқатар індетті вакцинациялау арқылы жеңген. Тіпті екпе егудің арқасында түбегейлі жойылып кеткен аурулар бар. Ал Covid-19 талайдың өмірін қиған вирус екені бәріне белгілі. Бүгінгі күннің өзінде коронавирус 2 миллион адамның өмірін жалмап кетті. Сол себептен бұл вирустан максималды түрде сақтанып, оның алдын алған жөн.Ақпан айының басынан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина егу біздің елде тегін және ерікті түрде жүргізілуде. Аурумен күрескеннен гөрі оның алдын алған жеңілірек екенін естен шығармау қажет. Сол себепті барлық адам вакцина салдырып, індетті бірге жеңген жөн!

Г. Төлепбергенова,

Қармақшы аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<