Қазалы ауданында вакциналау қарқынды жүруде

801

0

Бүгінгі таңда жұқпалы індеттің алдын алу үшін әлемнің барлық түкпірінде вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар біздің елімізде де басталып, екпе егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Қазалы ауданы бойынша бірінші кезекте ерікті түрде медицина, білім саласының қызметкерлері мен полиция қызмектерлеріне салынып жатыр.


Бүгін Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудан әкімінің орынбасарлары Күнтілес Айдарбеков, Жалғас Сүйеубаев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Тілеумбетов коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды. Дәрігерлер талап бойынша екпе қабылдаушылардың алдымен қан қысымын, дене қызуы өлшеп, келісімін алды.


Айта кетейік, вакцинациялау екі кезеңнен тұрады. Бүгін екпе қабылдағандар арада 21 күн өткен соң қайта вакцина салдыруы тиіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<