Қазалының орталық базарында вакцина егу бекеті ашылды

645

0

Бүгін Әйтеке би кентіндегі орталық базарда вакцина егу бекеті өз жұмысын бастады. Негізгі мақсат –халықтың арнайы орындарға барып уақыт жоғалтпау үшін әрі аудан тұрғындарының барлығына жұқпалы індеттің алдын алуға бағытталған вакцинаны салу.

Орталық базардағы вакцина егу бекетінде Қазалы ауданаралық ауруханасының медицина қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) дайындаған Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасын салуда.

Осыған орай барлық аудан тұрғындарын орталық базардағы «Ару-Илия» сауда орталығынан ашылған бекеттен вакцина қабылдауға шақырамыз. Себебі вакцина жұқпалы індетті жеңіп, өзіміз бен жақындарымызды қорғаудың бірден-бір жолы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<