Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны артуда

699

0

Аймақта пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясының 9369 жағдайы тіркелді. Мәселен, өткен тәулікте 168 дерек анықталды. Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі облыс орталығынан тіркелуде. Оның ішінде, 14 жасқа толмаған балалардың үлесі 19-ды құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

-Күнделікті жүргізілетін эпидемиологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей, COVID-19 жұқтырғандардың басым көпшілігі вакцина салдырмағандар. Қазір әлемде, республикада, аймақта эпидахуал өршіп тұр. Ауруханаларда жүктеме саны артты, індет жұқтырғандардың басым көпшілігі ауыр халде жатыр. Былтыр аурудың симптомсыз түрі көп тіркелген болса, биыл аурудың мутациялануынан ауыр ағымда өтуде. Бұл жағдайды тұрақтандырудың жолы – сақтық шаралары мен вакцинация. Вакцина алу, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалған. Онлайн түрде екпеге жазылып, өз емханаңызда немесе ірі сауда орындарында ешбір кезексіз вакциналануға болады. Ауруды еңсеруге бірге күш салуға шақырамыз,-деді Динара Жаңабергенова.

Биылғы 1 ақпан мен 26 шілде аралығында облыста вакцинаның 1 компонентін 220 060 адам, 2 компонентін – 140 309 адам салдырған. Сонымен қатар, мониторингтік топ 11 820 нысанға рейд жүргізген. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзған 396 дерек анықталып, әкімшілік айыппұл салынды.Посмотрите ресурсы о вакцинах в Центре информации о COVID-19.Получить информацию о вакцинах

4Ішкі Саясат Басқармасы, Mereke Zhalgas и ещё 2Поделились: 1НравитсяКомментироватьПоделиться

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<