Маңғыстауда видеоға түсіп қалған бапкердің әрекеті қазақстандықтардың ашуын келтірді

961

0

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше, 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылының спорт кешенінде болған, деп хабарлайды жергілікті «Лада» басылымы.

Жаңаөзен қаласының волейболдан қыздар құрамасының жаттықтырушысы топтағы бір қыздың бетінен ұрып, басынан нұқыған. 

Спортшыларды тәрбиелеудегі жаттықтырушының мұндай әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді.

«Осыдан кейін кім қызын спортқа береді?», – деп сұрақ қойды Instagram-дағы оқырмандардың бірі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<