Салық төлеуден неге қашып жүр?

1211

0

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті  ірі көлемде бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бюджетке келтірілген залал көлемі 136 млн 264 мың теңге. Кәсіпкердің заңсыз әрекеті 2014-2018 жылдар кезеңіне жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245 бабы 1 бөлігімен (декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді, міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі көлемде төлеуден жалтару) тергеу ісі жүргізілуде.

Қызылорда облысы

 бойынша ЭТД

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<