Егіндікке  дән себілді

178

0

Кеше  облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, биылғы алғашқы дән себу іс-шарасына қатысты. Дәстүрлі шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері келді. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының ардагерлерімен бірге қамба астыққа толып, шаруа еңбегі табысты болуына тілектестік білдірді.

Әрі қарай шара қонақтары ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайт­қыш, гербицидтер және тұқым көр­месімен танысты.

Егін алқабында өткен жиын «Дала күні» семинар-кеңесіне жалғасты. Мем­­­лекеттік мекемелер мен шаруа­шы­­­лық басшылары саладағы өзекті мәсе­лелерді баяндады.

Өткен жылы елімізде диқандарға көктемгі егін, күзгі жиын-терін жұ­мыс­тарына 5 пайызбен берілетін жеңіл­детілген несие көлемі алғаш рет 500 млрд теңгеден асса, биыл бұл қара­жат 700 млрд теңге болды. Диқан қауымға «Кең дала-2» бағдарламасы ар­қылы қолдау көрсетілуде. Несиенің 85 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті қол­дау қоры, тек 15 пайызын ғана шаруа­шы­лықтар кепілдендіреді.

Алдыңғы жылдары көктемгі және күз­гі дала жұмыстарын қар­жы­­­лан­ды­руға «Аграрлық несие кор­по­ра­ция­сы» небәрі 2-3 млрд теңге бөліп кел­се, биыл қаржы көлемі тоғыз есе ар­тып, 18 млрд 500 млн теңгеге жетті. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы сала­сын әртараптандырудағы ірі инвес­ти­­циялық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік Қазақстан облысының тә­жірибесі негізінде жеңілдетілген не­­сие­­­лендіру бағдарламасы жүзеге асы­ры­луда.

Биыл облыста су үнемдеу техно­логияларын пайдалану арқылы егіндік көлемін 9 200 гектарға жеткізу, яғни өткен жылмен салыстырғанда 2 есе арттыру межеленген. Бұл бағытта да мемлекеттік қолдау шаралары қарас­тырылған. Жабдықтарды сатып алуға және құруға кеткен шығындардың 80 пайызына дейін мемлекет тарапынан субсидияланады. Кейінгі жылдары 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік тегістеуден өткізілді. Биыл  60 мың гектарға дейін жеткізіледі.

Өңірде 193700 гектарға ауыл шаруа­­шылығы дақылдарын егу жос­пар­­лан­ған, майлы және малазықтық да­қыл­дарды өткен жылға қарағанда 3400 гектарға арттыру көзделіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<