2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды

854

0

International SOS компаниясы 2021 жылы саяхаттауға қауіпсіз және қауіпті елдердің интерактив картасын жасады. Сарапшылар олар жасаған карта адамдарға 2021 жылы саяхаттарын жоспарлауға көмектеседі есептейді.

Бұл картада қай елде саяси зорлық-зомбылық, әлеуметтік толқулар, қылмыс, сондай-ақ қазіргі пандемияның зардаптары қаншалықты дәрежеде екені көрсетілген.

2021 жылы саяхаттауға қауіпті елдер: Ливия, Сирия, Ауғанстан, Ирак және Орталық Африка Республикасы. Ал қауіпсіз елдер: Гренландия, Швейцария, Словения, Норвегия, Финляндия, Дания және Англия.

Айта кету керек, Қазақстан жалпы қауіптілік деңгейі орташа ел ретінде көрсетілген.

Жыл сайынғы интерактив карта саяхатшылардың саяси зорлық-зомбылық, әлеуметтік толқулар және ұсақ құқық бұзушылықтар қаупіне байланысты қауіп-қатерлерге кезіккен жерлерін көрсетеді, ал 2020 жылдың басты ерекшелігі – коронавирус пандемиясы.

Картада коронавирус қаупі аз елдер ретінде Жаңа Зеландия, Танзания және Никарагуа көрсетілген.

Ал Грузия пандемиядан қатты зардап шеккен жалғыз ел ретінде аталған. Коронавирус қаупі «орташа» деп белгіленген аймақтарға Қазақстан, Польша, АҚШ, Бразилия кіреді.

Бағалау кезінде «денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты үлкен қауіп-қатерлер, COVID-19-дың белсенділігі, саяхатқа қатысты жергілікті шектеулер» ескерілген.

Тағы бір картада 2021 жылғы әлем елдеріндегі медициналық проблемалардың немесе аурулардың қаупі көрсетілген.

Картаға сәйкес медицинасы нашар елдер ретінде  Венесуэла, Солтүстік Корея, Ливия, Оңтүстік Судан және Йемен көрсетілген. Медицинасы дамыған ел ретінде Еуропа елдері, Канада, АҚШ, Жаңа Зеландия, Аустралия, Оңтүстік Корея және Жапония аталған.

Бұл картада Қазақстан, Ресей, Қытай, Үндістан медицинасы нашар елдер ретінде көрсетілген.

Дереккөз: MASSAGET.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<