Автобус апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты

457

0

Дүйсенбі күні Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында жолаушылар автобусы эстакададан ұшып кеткен. Жол апаты салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 28-і жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің құқық қорғау органдарының мәліметінше, автобус жүргізушісі көлікті дөңгелектің жарылуы себебімен жүргізе алмай қалған. Бес адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханада қайтыс болды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген, кейбіреулерінің жағдайы өте ауыр.