Жапонияда отшашулар шығаратын зауыт өртеніп жатыр

391

0

Сейсенбі күні Жапонияның Отару қаласында (Хоккайда префектурасыың солтүстігі) отшашулар шығаратын зауытта өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті өрт сөндірушілердің мәліметінше, кем дегенде күйік шалған үш адам ауруханаға жатқызылған. Олардың бірі ауыр халде. Қазіргі уақытта өртті жою әрекеттері жалғасуда. Зауыт ғимаратынан мезгіл-мезгіл отшашулардың атылған дыбысы естіледі, өрт сөндірушілер жергілікті тұрғындарды оқиға болған жерге жақындамауға шақырды.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<