Алғашқы дивидендтер

390

0

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ «Бекарыс Агрофуд» ЖШС базасында С.Мырзабаевтың «Жаңақорған ауданында қа­зақтың құйрықты қыл­шық жүнді қойының асыл­тұқымды тұқымын өсіру» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру туралы бастамасына жәрдем көр­сетті. Бұл жоба ӘКК директорлар кеңесінде 2017 жылдың 21 сәуірінде мақұл­данған.

Бұдан басқа, «Байқо­ңыр» ӘКК» АҚ Д.Шағыр­таев және С.Шағыртаев арасында асылтұқымды репродуктор мен ет комбинатын құру жөніндегі жобаны іске асырды. Жаңадан құрылған «Агролидер Таң» ЖШС бірлескен кәсіпорнының жарғылық капиталындағы жобада ӘКК үлесі 42,03% құрайды.

Бүгінде бұл жобалар толы­ғымен іске қосылып, қаржы-шаруашылық қызме­тінде оң нәтижелер беруде. Сонымен қатар, аймақтың ауыл шар­уа­шылығы сала­сының дам­уына елеулі үлес қосуда.

Былтырғы жылды бұл кәсіпорындар таза пайдамен қорытындылады. Ол пайда құрылтайшылар арасында бөлініп, яғни ӘКК «Бекарыс Агрофуд» ЖШС-нан 1036783,00 теңге, «Агролидер Таң» ЖШС-нан 1372140,0 теңге көлемінде алғашқы дивидендтерін алды.

Жеңісбек АХМЕТОВ,

«Байқоңыр «ӘКК» АҚ жобаларды талдау және іске асыру

басқармасының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<