Ақтоты Райымқұлова: Кітапханалар жұмысын тоқтатпауы керек

220

0

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елдегі кітапханалар мәдени ошақ ретінде сақталуы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов елордадағы кітапханаларды ұстап тұру үшін қаражат бөлмей, бәрін цифрландырып, бір ғана кітапхананы қалдыру ұсынысын көтерген еді. Министр Ақтоты Райымқұловадан БАҚ өкілдері осы ұсынысқа қатысты пікірін сұрады.

«Кітапханалар – руханиятты сақтайтын, адамзаттың мың жылдық ұлы ойлары шоғырланған орын. Мемлекетіміздің саясаты мен мәдениет туралы заң бойынша бүкіл мәдени құндылықтарды азаматтарға қолжетімді ету керек. Сондықтан әрине заманға сай өзгерістерге байланысты кітапханалардың қорлары цифрландырылады. Олармен бірге архивтер, музейлерді де бұл жұмыстан тыс қалмайды. Сонымен қатар кітапханалар өзінің жұмысын тоқтатпауы керек. Бұл – біздің өкілетті органның көзқарасы», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ақтоты Райымқұлова азаматтар кітапханалар мәдени ошақ ретінде сақталуы керектігін жеткізді.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз