Ашықтық қағидаты қалыптасты

484

0

Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен қоғамдық тыңдау өтті. Онлайн-форматтағы шарада «ҮЕҰ-ның, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» тақырыбы талқыланды.

Жиынға «Жаңару» РҚБ төраға орынбасары, жоба жетекшісі Дәулеткерей Рахметуллин модераторлық етті. Қоғамдық тыңдауға облыс әкімінің орынбасары Серік ­Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев, облыстық «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев пен «Жаңару» РҚБ облыстық филиалының директоры Кажденбек Баймаханов қатысты. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова, облыстық кәсіпкерлер па­ла­тасының директоры Ға­лымбек Жақсылықов, «Aqmeshit – Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов пен мемлекеттік орган басшылары, депутаттар, «Nur Otan», ҚХП, «Ақ Жол», «Ауыл» партияларының өкілдері ортақ тақырып аясындағы ойын ортаға салды. Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет ашықтық қағидатын қалып­тастыру ба­ғытында атқа­рыл­ған бірқатар жұмысқа тоқталды.

– Мемлекет басшысы бұл құбылыспен күресудің өзек­тілігі мен маңызын нақты айқындап, жаңа бағыт­тар белгіледі. Облыс әкімінің төрағалығымен ведомс­тво­аралық сипатта құрылған сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері жө­ніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді. Қазір «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында 144 ауылдық округте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысшы топтары құрылды. Бұл алаңда тиісті лауазымды тұлғалардың қатысуымен 15 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Об­лыста мемлекеттік қыз­мет­­шілердің халыққа ашық­тығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық аудан, қала орталықтарында «Сер­вистік ашық әкімдік» орта­лықтары ашылып, жұ­мысын жалғастыруда. Мем­­лекеттік қызметшілердің ха­­лыққа ашық­тығы мен қол­жетімділігін кү­шейту үшін «Open space» жобасы да жолға қойылды. Облыс бо­йынша 304 мемлекеттік мекеменің бірінші басшылары бірінші қабатқа ауыстырылып, 60 мекеме осы форматқа сәйкестендірілген, – деді Серік Ахмет.

Онлайн басқосуда ай­мақтағы мемлекеттік көр­сетілетін қызметтердің ав­то­маттандырылу жайы да шет қалмады. Мәлі­мет­терге сүйенсек, қазір 173 мем­ле­кеттік қыз­меттің 141 қызмет түрі автомат­тандырылған. Жем­­қор­лық көріністерінің ал­­дын алуға бағытталған ша­ра­­лардың нәтижесі құқық бұзу­шылық саны 46 процентке төмен­дегенін көрсетіп отыр. «Ашық диалог» порталында облыс әкімінің блогы да жүргізіледі. Бүгінде платформа арқылы түскен 125 сауалға белгіленген тәртіппен тиісті жауап берілген.

Қоғамдық тыңдауда об­лыс­тық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жем­қор­лыққа қарсы мәде­ниетті қалыптастыруда ой-сананы же­тілдіру, құқық­тық сананы ілгерілету мә­се­лелеріне қатысты пікір біл­дірді. Ал, өзге спикерлер жемқорлықтың алдын алуда азаматтық қоғам өкілдерін және «Adaldyq alany» жобалық кеңселерін жұмылдыра отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын, қоғам­дық тыңдауларды ұйым­дастырудың маңыз­ды­лығын айтты. Жиын қоры­тындысында «Жаңару» РҚБ төраға орынбасары, жоба жетек­шісі Дәулеткерей Рахметул­лин Қызыл­орда өңірінде бірлескен жұмыс­тардың жүйелі түрде іске асып келе жатқанын баян­дап, бұл шаралардың аза­маттық қоғамдағы ашық­тықты кү­шейтуге оң септігін тигізе­тінін жеткізді.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<