Аудан әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдады

512

0

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов қабылдау кезегінде тұрған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Аудан басшысы қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін жеке-жеке қарады.

Тұрғындар қабылдау барысында балық шаруашылығына қатысты және әлеуметтік жағдайлары бойынша көмек беру, Төле би көшесін асфальттау, жарық шамдарын орнату, Бақтыбай батыр көшесінен аялдама салу, сондай-ақ «Қанағат» сауда қатары бойынша орын алған мәселелер жөнінде сауалдарын жеткізді.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Е.Талекенов, аудан әкімінің кеңесшісі Б.Махатов, Арал қаласының әкімі А.Тасқынбаев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Құдайберген және баспасөз қызметі қатысты.

Аудан әкімі қабылдауға келген тұрғындардың мәселелерін тыңдай келе, бағыттар бойынша сала басшыларына азаматтардың ұсыныс-тілектерін ескерусіз қалдырмай, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар «Қанағат» базарына қатысты туындаған мәселе бойынша заңдылығына сәйкес толықтай түсініктеме беріп, барлық шаралар заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылатындығын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<