Азия ойындары: Қазақстан жеңіл атлетикадан финалға шықты

355

0

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан қазақстандық Ольга Сафронова финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, О. Сафронова 200 метр қашықтықты 22.79 секундта жүгіріп өтіп, финалға 4-ші нәтижемен шықты.

Отандасымыз бұған дейінгі Азия ойындарында – 2014 жылы алтын, күміс және қола жүлделер алған болатын. Ал 2018 жылы қола медальге қол жеткізді.

Финал 2 қазан күні Астана уақытымен 17:45-те өтеді.

Еске салайық, Ханчжоуда Азия ойындары 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында өтіп жатыр.

1 қазан таңындағы жағдай бойынша, Қазақстан медальдар кестесінде 11-орында тұр. Қоржында әзірге 26 медаль бар – 3 алтын, 4 күміс және 19 қола.

Турнирдің абсолютті лидерлері бұрынғыша – Қытай (216 медаль: 114— 68 — 34), Жапония (105 медаль: 28 — 38 — 39) және Оңтүстік Корея (110 медаль: 27 — 29 — 54).

Бүгін Қазақстан құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<