Дәмді шұжық өзімізде өндіріледі

699

0

Қызылордалық Олег Ким жылқы етінен шұжық өндірмекші. Дайын өнім «Халал» технологиясы бойынша шығарылады. Жобаны «Байқоңыр» ӘКК» АҚ қаржыландырған. Жоба құны – 110,9 млн теңге.

– Әріптестік негізінде кәсіп­керге қаржы беру наурыз айында толық іске асты. Қазір «Қызылорда Сельхозпродукт» ЖШС алғашқы өнімін сынақтан өткізіп болды. Ендігі жұмыс – санитарлық-эпиде­миологиялық бақылау департаменті тарапынан рұқсат пен мемлекеттік стандартқа сәйкес құжаттарын рәсімдеу, – дейді «Байқоңыр «ӘКК» АҚ жобаларды талдау және іске асыру басқармасының басшысы Жеңісбек Ахметов.

Шұжық өндіретін шағын кәсіпорын қажетті ресейлік құрылғыларды толық сатып алған.

– Ұсынып отырған өнімді нағыз жергілікті деп айтуға болады. Шұжықтың 10 шақты түрін шығаруға толық дайынбыз. Өйткені, дәл қазір аймақ бойынша шұжық шығару мәселесі кенжелеп қалған. Өзге облыстан тасығаннан, өз жерімізде өндірілгені тұтыну­шы­ларға да арзанға түседі. Цех толық іске қосылса, 10-15 адамға дейін тұрақты жұмысқа орналасады, – дейді жоба жетекшісі Олег Ким.

Ержан ҚОЖАС,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<