Депутаттар кәсіпкерлік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

280

0

«Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінде Қызылорда облыстық мәслихатының «Кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.Көшпелі отырыс, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысудан басталды.

Бұдан кейін, облыстық мәслихат депутаты Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлының төрағалығымен комиссия отырысымен жалғасты. Комиссия отырысына, облыстық мәслихат депутаттары мен атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің және бірқатар қаржылық ұйым басшылары қатысты.

Отырыста Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Ә. Қожабергенов, «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ. Жақсылықов, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Е. Түктібаев, «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ» ЖШС-нің директоры С. Ерниязов хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Отырыс соңында Қызылорда облыстық мәслихаты мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<