Әріптес мерейі

887

0

Қазалыда жыл қорытындысымен үздіктер анықталды. Аудан дамуына айтарлықтай үлес қосқан өз ісінің майталмандары «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атанды. Олардың қатарында облыстық «Сыр бойы» газетінің Арал және Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жұмабек Табынбаев бар.

Әріптесіміз журналистикадағы еңбек жолын жергілікті «Қазыналы Қазалы», «Тұран Қазалы» газеттерінде әдеби қызметкер болып бастаған. Бүгінде облыс­тық «Сыр бойы», республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз «Халық» газеттерінің меншікті тілшісі қызметін қатар атқарып жүр.

Ж.Табынбаев – көптеген өлеңдердің, «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадым­дасың, жарқын бейне», «Қара кемпір», «Мен қайта оралдым» атты кітаптардың авторы.

Бұған дейін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Ақпарат саласының үздігі» атақтарымен марапатталды. Облыс және аудан бо­йынша бірнеше мәрте «Жыл журналисі» номинациясын, облыс әкімінің Құрмет грамотасын иеленген.

Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, еңбегіне табыс, шығармашылығына же­тіс­тік тілейміз.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<