Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды

226

0

Елордада құрылыс аумағындағы асхана ретінде жабдықталған контейнер өртенді. Онда газ баллоны жарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 желтоқсан күні сағат 22:14-те елорданың ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесіндегі 43/2-үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін сонда жетті. Олар жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 шаршы метр аумақта асхана ретінде жабдықталған контейнер жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, асхана жанындағы ағаш құрылғылар да өртене бастаған» делінген хабарламада.

Қазіргі болжам бойынша газ баллоны жарылған. Ө рт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де толық сөндірілді. Қазір мамандар өрттің шығу себебі анықтауға кірісті. Өртті сөндіруге 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз