Саңыраулар оқу-өндірістік орталығы 18 жылдан бері тігін өндірісімен айналысып келеді. Мұнда 20-дан астам мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Орталықтың жұмысын үйлестіріп отырған кәсіпкер Орынкүл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында несие алды. 2024 жылы цех әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне еніп, 5 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды.
Орталықта жалпы өндірістік ластанудан және механикалық әсерлерден қорғауға арналған арнайы жұмыс киімдері, әйелдер және ерлерге арналған кәсіби униформалар, төсек-орын жиынтықтары, мақта матрасы және тағы да басқа өнімдер тігіледі.
Кәсіпкер өндірісті кеңейту үшін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына 6%-бен несие алуға өтінім беріп, жобасы қолдау тапты. Бұл жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға және тігін цехының әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<