Кәсіпкерлікті дамыту – маңызды міндет

593

0

Президент Қ.Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында ел дамуының түрлі басымдықтарын атап өтіп, алдағы жоспарлар мен міндеттерді ортаға салған болатын.

Жолдауда әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени, рухани мәселелердің барлығы назарға алынған.

Кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де жыл сайынғы Жолдауларда баяндалып келе жатқаны мәлім. Осы ретте, Президент күштік құрылымдардың бизнес ісіне шамадан тыс араласуына заң арқылы тосқауыл қою керек,- екенін атап өтті.

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Содан болар, бүгiнгi таңда шағын және орта кәсiпкерлiктің серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi. Соның ішінде, шағын кәсiпкерлiктің саны қарқынды түрде өсiп келедi.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік көптеген адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарықтық экономиканың қажетті элементіне айналады.

Кәсіпкерлікті жетілдіру – экономика­ның тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты бағдарлардың бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде ер­кіндігі мен құқығы, шаруашылық қызме­тінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылда­натын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.

Ж.Баекеева,

«Қармақшы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының бөлім басшысы-аға сот орындаушы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<