«Кітап QALA» атты мерекелік шарасы өтті

276

0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – «Ұлттық кітап» күніне орай дәстүрлі «Әдеби автобус» жобасы аясында «Кітап QALA» атты мерекелік шарасы өтті. Темір жол вокзалынан бастау алған №1 бағыттағы қоғамдық көліктің іші-сырты дәйекті сөздермен, шарлармен ерекше безендіріліп, кітапты ұлықтау мақсатындағы кезекті сапарына бет алды.

Кітапханашылар қала тұрғындарына әлем бойынша кітапқа байланысты халықаралық жобаларды таныстырды. Атап айтсақ,  «Бір ел – бір кітап», «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні»,  «Балалар кітабы күні».  Биылдан бастап, елімізде 23 – сәуір «Ұлттық кітап күні» қосылуда.  Бұл мерекені – ана тіліміздегі ұлттық таныммен танылған кітаптардың насихатталуына, шығарма авторларының беделі артуына үлкен қозғау салатын атаулы күн десек те болады.

Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жолаушыларды бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, кішкентай өнерпаздар әннен шашу шашып, қоғамдық көлікте отырған әрбір адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кітапханашылар мерекелік шараны қызықты өткізу мақсатында жолаушыларға түрлі викториналық сұрақтар қойды. Сондай-ақ мақал-мәтелдердің жартысы айтылып, әрі қарай екінші жартысын жолаушылар тауып, тапқырлық танытты. Сан түрлі тақырыптағы жұмбақтар шешіліп, өз білімдерін көрсеткен жолаушылардың барлығына сыйлақтар берілді.

Айта кету керек, бүгінгі іс-шараға «Ауыл» партиясы Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы мен Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің құрылтайшысы Исаев Мирамбек Мырқыұлы қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.

Осылайша, мереке қарсаңында кітапханашылар қауымы №1 қоғамдық көлігіне мінген әрбір жолаушының бір сәтін болса да, көңілді әрі қызықты өткізуіне өз үлестерін қосты.

«Кітап QALA» атты мерекелік шарасы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<