Мадридтік «Реал» – 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы

705

0

Париждегі «Стад де Франс» стадионында ағылшындық «Ливерпуль» мен испандық «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бастапқы құрамдар мынадай болды: Ливерпуль: Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах Реал Мадрид: Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема. Ойындағы жалғыз голды кездесудің 59-минутында Винисиус Жуниор соқты.

Бұл матчтағы «Реал Мадридтің» қақпаға бірінші ресми соққысы болды. Испандық клуб өз рекордын жаңартып, тарихта 14-ші рет Еуропа кубогының басты турнирін жеңіп алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<