Мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ тапсырды

1000

0

Қызылорда медициналық жоғары колледжі ғимаратында Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағы өтті.

Оған Қызылорда облысының мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатысты. Мақсат «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025» жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша 2021 жылға қарай мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі − 26%, В2 деңгейінде − 20%, С1 деңгейінде – 9% құрауы тиіс.

Көрсетілген межеге қол жеткізу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу үшін облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында үш күн бойы тестілеуді Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері жүргізуде.

Диагностикалық және сертификаттық байқау сынақтарына Қызылорда облысының 500-ге жуық мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыспақ.

Гүлбану МАҚАЖАН

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<