Өзбекстан шекарадағы карантин талаптарын жеңілдетті

711

0

Өзбекстан Республикасына келетін шетел азаматтары вакцинация туралы жарамды сертификаты немесе паспорты болған жағдайда, ПТР тест немесе коронавирус инфекциясына қарсы антигенге экспресс-тест тапсыруға міндеттелмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзбекстан СІМ-ге сілтеме жасап.

Сертификаты немесе вакцинация паспорты жоқ келушілерден елге барардан кемінде 72 сағат бұрын тапсырылған ПТР-тест нәтижесін (электрондық QR-коды бар) немесе шекаралық өткізу бекетінде антигенге тапсырылған тесттің теріс нәтижесін ұсыну талап етіледі. Бұл ретте 12 жасқа дейінгі балаларға вакцинация туралы сертификаттың немесе паспорттың, ПТР тесттің және антигенге экспресс-тесттің нәтижесін алу қажет емес. Бұған дейін Өзбекстан 2022 жылдың 15 қаңтарында омикрон коронавирус инфекциясының жаңа штаммының таралуына қарсы карантин шаралары аясында шекараны кесіп өтуге шектеулер енгізген болатын. 16 наурызда Өзбекстан билігі Қазақстан мен Тәжікстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірқатар карантин шектеулерін алып тастады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<