Әдептілік – адамгершілік бастауы

764

0

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже талабына сай, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп жөніндегі уәкілдер бекітілген.

 Мұндағы мақсат «Аға әдепті болса, іні әдепті, Апа әдепті болса, сіңлі әдепті» демекші, барлық мемлекеттік қызметшілерді қызметі барысында және одан тыс уақытта адамгершілік қасиеттерін жоғары қоюға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларын сақтауға, ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге шақыру. 

 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен министрлікке қарасты мемлекеттік органдар тарапынан да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмаудың түрлі тетіктері қарастырылып, іске асырылуда. Әсіресе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің азаматтарға кедергісіз, мерзіміне, сапалы көрсетілуі басты назарда.

 Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әдеп жөніндегі уәкіл – әрбір қызметшінің сөзі мен ісіне моральдық бақылау жасап, оның адамгершілік қасиетіне баға беріп отыратын болғандықтан, өзінің ары мен ішкі жан-дүниесі таза болуы қажет.

Инспекцияның мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы № 814 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің жаңа редакциясымен таныстырып, семинарлар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ұжым қызметкерлерімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалары және Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бойынша бойынша жүргізілген бақылау шаралары нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жүргізілген талдаулар үнемі қаралып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Қазіргі таңда, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында да мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік туралы түсіндірме, сауалнама жұмыстары жиі жүргізіліп отырады. Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдепсіздік әрекеттері орын алып жататын болса, арнайы сымтетік арқылы хабарлауға немесе күнделікті  әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауына келуге болады.

И.Абдразахов,

Қызылорда облыстық

орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясы

басшысының орынбасары,

әдеп жөніндегі уәкіл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<