Ірі көлемде дәрі-дәрмек тәркіленді

1227

0

Дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатушылардың және алыпсатарлардың жолын кесу мақсатында облыстық прокуратура мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырды.

Облыстағы 328 дәріхананы аралап, түрлі тәсілдермен дәрілік заттар сатушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге дейін дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан 33 дәріхана, Қазақстан Рес­публикасында тіркелмеген дәрілерді сатқан 4 дәріхана мен 4 жеке тұлға, арнайы рұқсатсыз және тиісті тіркеусіз жұмыс істеген 1 дәріхана мен 2 жеке тұлға және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 17 жеке тұлға анықталып, жауапқа тартылды. Мысалы, Қызылорда қаласында фармацевтикалық қызметтің рұқсатынсыз (лицензия), кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелместен дәрі-дәрмек сататын және қосымша заңсыз медициналық қызмет көрсететін дәріхана анықталды. Аталған дәріханадан 517 түрлі 9,5 мың дәрілік заттар алынды.

Сот қаулысымен дәріхана иесіне 223 мың теңге айыппұл салынып, қаулы күшіне енген соң дәрі-дәрмек мемлекет пайдасына тәркіленуде. Жалпы мобильді топтар 566 түрлі 10 мың қорап препарат пен 2,5 мың қорғаныш маскасын алып, медициналық ұйымдарға берді.

Облыстық прокуратура

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<