Қазалыда «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

779

0

Қазалы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың қаңтар айының 20-22 күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының жиеленуіне байланысты, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру болып табылады.

Іс шара барысында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қатысуымен 17 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен, яғни тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқарғаны үшін 4 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, автокөлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<