Құрылыс нысандары қатаң бақылауда

741

0

Елімізде кәсіпкерлік қыз­метті реттеуді жетілдіру мәсе­лелері бойынша заңна­малық бастамаларды жақсарту үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде 8 реформа жүзеге асырылып, 5 нормативтік-құқықтық актіге 30-ға жуық түзету енгізілді.

Нәтижесінде «Құрылысқа рұқ­сат алу» индикаторы бо­йынша 2018 жылы Қазақстан Республикасы 35-орынды ие­ле­ніп, 17-позицияға көтерілді. Осы ретте өткен жылы Қа­зақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ма­мин Үкімет отырысында құрылыс саласы бойынша Қазақ­станның халықаралық «Doing Business» рейтингіндегі пози­цияларын жақсарту шараларын қарастырды. Енгізілген өзгерістерді іс жүзінде қолдану нәтижесінде республика кө­лемінде Қызылорда облысы 2-орынды иеленді.

Мемлекеттік сәулет-құры­лыс бақылауы басқармасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы За­ңының және мемлекеттік құрылыс нормативтері мен ережелері талаптарының облыс аумағында біркелкі және дәлме-дәл орындалуына ба­қылау-қадағалау шараларын жүзеге асыратындықтан, жыл сайын өңірде бой көтерген құрылыс нысандарына тексеріс жүргізіп, қатаң бақылауда ұстайды. Басқарма биыл да бірқатар нәтижелі жұмыс атқарды. Мәселен, қаңтар-қазан  айларында  басқармаға мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 798 хабарлама келіп түсті. Оның 408-і заңдылық тұрғысынан тексеріліп тізімге енгізілсе, анықталған кем­ші­ліктерге байланысты 390-ы кері қайтарылды. Оның ішінде ­170-і Қызылорда қаласында болса, 238-і аудандарда орналасқан. Олардың 194-і (97-сі жаңа құрылыс) бюджет қаражаты есебінен, 214-і жеке қаражатқа салынып жатқан нысандар.

Бүгінде нысандарда құ­ры­лыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, нұсқамалар бо­йынша 73 жоспардан тыс   тек­серу  ұйымдастырылса, анық­­­­талған ақаулар мен кем­ші­лік­терді жою жөнінде 15 нұс­қама берілді.  Осы жылдың бірінші жартыжылдығына құ­­рылыс нысанына бару ар­қылы профилактикалық ба­қылау жоспарына 64, екінші жартыжылдыққа 21 құрылыс нысаны енгізілді. Жоспарға сәйкес 53 нысанға тексеру жүргізіліп, анықталған кем­шіліктер бойынша 51 нұсқама берілді. 

Айта кету керек, 2018 жылы облыс әкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен 30 млн 322 мың теңге қаржы бөлініп, оған лаборатория автокөлігі, заманауи бақылау-өлшеу құралдары, нарықтағы аккредиттелген құрылыс компания­лары көр­сететін зертханалық қыз­меттер сатып алынды және мамандар арнайы киіммен, жеке қорғану құралдарымен жаб­дықталған болатын. Қа­зіргі таңда еліміз бойынша біздің басқарма мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бас­қармалары ішіндегі жылжымалы зертханамен қамтамасыз етілген алғашқы және жалғыз басқарма болып отыр. Бұл – облыс үшін үлкен жетістік. Себебі, аталған құрылғылардың аясында өңірімізде салынып жатқан құрылыс нысандарына пайдаланылған барлық бетон маркаларының сәйкестігін, ар­матураларының беріктігін, салынған құбырлардың қа­лыңдығы мен бүтіндігін және ғимараттардың жоба-сме­та­лық құжаттама бойынша са­лынған биіктігі мен орналасу параметрлерін бақылауға мүм­кіндік тууда.

Мемлекеттік бағдар­лама­лар­ды жүзеге асыру – басты міндеттердің бірі. Осы орайда, «Цифрлық Қазақстан» мем­­­лекеттік бағдарламасы негізінде ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп, «Halyq Monitoring» жоба әзірленді. Бұл жоба аясында, «Halyq Monitoring» сайты ашылатын болады. Сайтқа, басқарма тарапынан, бюджет қаражатынан құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы туралы талон хабарлама алған құрылыс нысандары енгізілуде.

Сонымен қатар, құрылыс саласында қоғамдық бақылау, және де құрылыстың мән-жайы жөнінде толық ақпараттар жинағы енгізіледі. Атап айт­қанда: құрылыстың сипаттамасы, фотосуреттері, құрылыс нысанының паспорты, басталу және аяқталу уақыты, тапсырыс берушісі, мердігер мекемесі, техникалық және авторлық қадағалаушы, телефон нө­мір­лері және құрылыстың дәл қазіргі уақытта қанша проценті орындалғандығы жөнінде толық мағлұмат көрсетіледі. Егер салынып жатқан құрылыстың норматив талаптары бұзылып жатса, әрбір азамат «Halyq Monitoring» сайты арқылы арыз-шағымын электронды түрде басқармаға жіберуге мүмкіндігі бар. Сайтқа келіп түскен өтініш-талаптар ескерусіз қалмайды. Басқарма тарапынан тексеру мен бақылау жүргізіліп, жауабы сайтқа орналастырылатын болады. Сондай-ақ, сайт жұмысы құрылысы бітіп, қолданысқа берілген нысандардың қандай заң бұзушылықпен салынғандығы және оның орындалғандығы жөнінде ақпарат алуға да мүмкіндік береді.

Облыс бойынша халықтың құрылысты бақылау «Halyq Monitoring» жобасы қазір қолдау тауып,  оң қорытынды алды. Жобаның басты мақ­саты – бюджеттік қаражат есебінен салынып жатқан құры­­­лыстың ашықтығын көр­­­сету, қоғаммен кері байланыс орнату, мердігерлік құрылыс ұйымдарының жаңа тізілімін жүргізу, салынып жатқан құрылыстың халық­тың бақылауында бол­уын қам­тамасыз ету, құрылыстың біту мерзімінің ұзаруына жол бермеу. Осындай ашықтықты қолға алған жоба – елімізде аналогы жоқ сайт.

Алдағы уақытта жоба құрылыс саласындағы бюд­жеттік қаражаттарды көрсетуге және бақылауға, шағымды жинауға, ақпаратты сараптау және талдау шеңберінде жұмыс істейтін болады. Жобаның көмегімен аймақтың әрбір тұрғыны бюджет қар­жысының қандай бағытта жұмсалғанын, оның  дамуға қалай әсер ететінін көре алады. Бұл – бюджеттің ашықтығы мен елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі. Жалпы, басқарманың алға қойған жос­парлары мен мақсаты көп. Оны жүзеге асыру уақыт еншісінде.

Амантай Ұзақбаев,

облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының

бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<