Соңғы тәулікте сегіз науқас емделіп шықты

878

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 418.Ал індеттен айыққан науқастар саны 3336-ға жетті. Соңғы тәулікте сегіз науқас емделіп шықты. Бүгінде инфекциялық стационарда 21, ал стационардың реанимация бөлімінде 1 науқас ем қабылдауда.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны -14 767, тікелей қарым-қатынас-12 019, ықтимал қарым-қатынас-2 748.Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 1034, тексерілгені – 483, жұмыс жасалуда – 551 сынама. Қалдық тест саны – 31 016. Эпид маусым басталғалы бері 168 218 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<