Жалағаш: Қайырымдылық акциясынан түскен қаржыға 120 отбасына көмек көрсетіледі

761

0

Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың қатысуымен өткізілген «Қайырымдылық – жүректен» атты акциясынан түскен қаражаттың бір бөлігіне бүгін көмір алынып, мұқтаж жандарға таратылды.

Айта кету керек, қайырымдылық акциясынан 2 млн 305 мың теңге түсті. Бұл қаражатқа 120 отбасыға азық-түлік және қатты отынмен көмек көрсетіледі делінген.

Жыл басынан бері ауданда 65 қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, аудандағы қайырымды жандармен 1325 адамға 28 млн 500 мың теңгеге көмек көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<