Жаңа қаулыда не өзгеріс?

797

0

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты кезекті қаулы кешеден бастап күшіне енді.  Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрі­гері Әлия Әбдіқайымова шұғыл брифингте өңірдегі шектеу шаралары жайлы тарқатып айтты.

Қаулыдағы басты жаңалық кинотеатрлар ашылды. Бұған дейін елі­міздегі кинотеатр иелері карантинде 15 миллиард теңге шығынға батқанын мәлімдеген еді. Кәсіпкерлер карантин шаралары жеңілдегеннен кейін оларға жартылай жұмыс істеуге де рұқсат берілмегенін айтқан. Залдар­дың бірнеше ай қатарынан бос тұруы­нан банкротқа ұшырағандар бар. Сон­дықтан оның жұмысының қайта жан­дануы киносүйер қауым үшін де, кәсіп­керлер үшін де тиімді болып отыр.

– Кинотеатрлардың жұмысын қай­та бастауға шешім қабылдадық. Бас­тысы, санитарлық талапты қатаң сақтау керек. Жұмыс уақыты 9.00-ден 22.00-ге дейін. Толтырылуын 30 проценттен асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, мас­ка режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау секілді шарт қойылды. Өзде­ріңіз білесіздер, кино көрсететін зал қараңғы болады. Жарық аз түседі. Сондықтан әр кино көрсетілер алдында дизенфекция жұмыстары жүргізілуі қажет, – деді Әлия Әбдіқайымова.

Сонымен қатар спикер сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар сенбі күні де қызмет көрсете алатынын айтты. Тек жексенбі мен мереке күндеріне шектеу бар. Тамақтану орындары, сұлулық салондары, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа азайтылды, яғни 22:00-ге дейін. Ал, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларын, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, кальянды пайдалануға рұқсат жоқ. Мұның барлығы – тұрғындардың саулығы үшін жалғасып жатқан жұмыстар. Бас мемлекеттік санита­риялық дәрігер қауіпсіздікті қаперден шығармауға шақырады.

М.СНАДИНҚЫЗЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<