Қала әкімі халықтың сұранысына сай жұмысты жалғастыруды тапсырды

689

0

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев қала орталығындағы бірнеше үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті.


Шаһар басшысы Ә.Бөкейхан көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бүгінгі жай-күйін көріп, ең алдымен бірінші кезекте шешілуі керек мәселелерді назарға алды. №74 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары қала әкіміне бірқатар шағымдарын жеткізді.

Аталған тұрғын үйдің 5-ші қабатына дейін аралап көрген қала әкімі сала басшыларына тез арада көпқабатты тұрғын үйдегі ақауларды ретке келтіріп, өжіре ішіндегі тозығы жеткен жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, халықтың сұрауына сай жұмыс атқаруды тапсырды.


Тұрғындарды мұқият тыңдап, мұң-мұқтажын ескеріп, әр мәселені егжей-тегжейлі талдаған Ғанибек Қонысбекұлы көтерілген сауалдарға байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар заң аясында қабылдауды сала басшыларына тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеп, орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<