Қаныбек Әбдуов – «Қарымды қаламгер»

1196

0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақ­стан Республикасы ішкі істер органдарының ақ­параттық-имидждік жұ­мы­сын іске асырудың 2020-2021 жыл­дарға ар­­налған медиа-жос­па­ры шеңберінде Ішкі іс­тер министрлігі ал­ғаш рет детек­тивтік шы­ғар­малардың «Серт» рес­пуб­ликалық бай­­қауын ұйым­дастырған еді. Байқаудың мақсаты –  полицейлердің күрделі де қауіпті қыз­метіне қоғам назарын аудару. Қа­ты­су­шылардың еңбек­те­рін­де полицейдің шынайы бей­несі айқын көрініс тап­қан. Конкурсқа бұрын жария­лан­баған 30-дан астам шығарма келіп түсті.

Осы байқауда әріп­те­сіміз, Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі, жазушы Қаныбек Әбдуов «Ұры» повесі үшін «Қарымды қаламгер» номинациясын жеңіп алды. Кеше Қазақстан полициясы күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығында же­ңімпаздарды марапаттау шарасы өтті. Әріп­­тесімізді марапатымен құттықтап, шығар­машылық өрлеу ті­лейміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<